Google Қазақстандағы 2020 жылғы топ-сұрауларды ұсынады



Алматы. 2020 жылғы 9 желтоқсаны – Бүгін біз 2020 жыл ішінде қазақстандық Google пайдаланушылардың ең көп қойылған сұрақтар рейтингінің қорытындысын ұсынуға қуаныштымыз. Дәстүрлі түрде жыл соңғында миллинодаған іздеу сауалдарына осы жылы қазақстандықтар нені жиі іздегендігін анықтау үшін талдау жасаймыз.

Қазақстанда өткен жылы Google –дың іздеу сауалдары арасында ең танымалы -“Коронавирус” болды. Сонымен бірге «қашықтықтағы» жыл қазақстандық Google пайдаланушыларының арасында білім алу қорларына жоғары ықылас тудырды: сұранымдардың бірінші ондығында Онлайн мектеп, Күнделік кз, Ок едус, Классрум және Білім ленд. Сонымен қатар қазақстандықтар АҚШ сайлаулары, 42500 теңге жәрдемақы, Egov.kz порталы және «Бумажный дом» сериалы туралы ақпарат іздеген.

«Жылдың адамы» - 2020 жылы кенеттен қайтыс болған, тұңғыш президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев болды. Екінші орында – Коби Брайант, ол өткен жылдың қаңтар айында әуе апатында қайғылы түрде қаза тапты. Сонымен бірге қазақстандықтар саясатқа белсенді түрде қызығушылық танытты: «Жылдың адамы» категориясының көп қойылған сұрақтарына - Джо Байден, Дональд Трамп, Алексей Навальный және Александр Лукашенко кірді. Сонымен қатар қазақстандық пайдаланушылар Михаил Ефремов, Артем Дзюба, Чедвик Боузман және Борис Клюев туралы ақпарат іздеген.

Қазақстандық Google пайдаланушыларының нұсқасы бойынша жыл фильмі «Заражение» триллері болды. Сонымен бірге «Жылдың фильмі» категориясындағы ең сұранысқа көп ие болғандар «Зов предков», «После 2», «365 дней», «Холоп» комедиясы және танымал фильмдердің жалғасы «Холодное сердце 2» және «Малефисента 2» болды. Үздік ондыққа Гай Ричидің «Джентльмены» қылмыстық комедиясы мен өткен жылдың «Үздік фильмі» номинациясында «Оскар» сыйлығын және өзге де көптеген айтулы марапаттарды алған оңтүстік кореялық картина «Паразиты» кірді. Отандық кинематографтан Топ-10 – қа «Бизнес по-казахски в Корее» комедиясы кірді.

«Жылдың сериалы» категориясының көшбасшы үштігіне «Бумажный дом», «Элита» және «Жестокий Стамбул» сериалдары кірді. Қазақстандықтар бұрынғыдай түрік және оңтүстік корей сериалдарын сүйіп қарайды, осы жылы ең танымалдары «Король: вечный монарх», «Сказка о Кумихо» және «Псих, но всё в порядке», түрік сериалдарынан «Ветреный», «Дочь посла» және «Постучись в мою дверь».

«...дегенiмiз не?» деген сұрақты қоя отырып, қазақстандық Google пайдаланушылары БСН, пандемия және БӘЖ не екенін білгісі келген. Сонымен бірге қазақстандықтар IBAN, кластер, үстеу, эпитет, ҰАД, сөз тіркесі мен коронавирус мағыналарын қараған.

2020 жылы «Жылдың сатып алынған заты» категориясында тағы да үш жыл қатарынан – теміржол билеті жеңімпаз атанды. Сонымен бірге осы жылы қазақстандықтарды пульсоксиметрді, Алматы қаласындағы үйлерді, бассейн мен велосипед сатып алу жайлы ақпарат қызықтырған.

2020 жылы Қазақстанда ең көп салынған сұраулардың толық тізімі келесідей:
Ең әйгілі сұранымдар:

1. Коронавирус
2. Онлайн мектеп
3. 42500 еңбек kz
4. Билим ленд
5. Egov.kz
6. Ок едус
7. Кунделык кз
8. Выборы в США
9. Бумажный дом
10. Классрум

Жылдың фильмі:

1. Заражение
2. Холодное сердце 2
3. Джентльмены
4. Паразиты
5. После 2
6. Бизнес по-казахски в Корее
7. Малефисента 2
8. 365 дней
9. Холоп 
10. Зов предков

...дегеніміз не?
1. что такое бин
2. что такое пандемия
3. что такое есп
4. что такое iban
5. что такое кластер
6. что такое наречие
7. что такое эпитет
8. бмг что такое
9. что такое словосочетание
10. что такое коронавирус

Жылдың адамы:

1. Айсултан Назарбаев
2. Коби Брайант
3. Михаил Ефремов
4. Джо Байден
5. Алексей Навальный
6. Дональд Трамп
7. Артем Дзюба
8. Александр Лукашенко
9. Чедвик Боузман 
10. Борис Клюев

Жылдың сериалы:

1. Бумажный дом
2. Элита
3. Жестокий Стамбул
4. Дочь посла
5. Постучись в мою дверь
6. Ветреный
7. Ведьмак
8. Король: вечный монарх
9. Сказка о Кумихо
10. Псих, но всё в порядке

Жылдың сатып алынған заты:

1. ЖД билеты
2. Авиабилеты 
3. Бассейн
4. Дом в Алматы
5. Пульсоксиметр
6. Крыша Алматы
7. Велосипед 
8. Квартира в Караганде
9. iPhone 12
10. Медицинские маски


Google іздеу жүйесін пайдаланатын қазақстандықтардың көзімен 2020 жыл осындай болды.

Alphabet Inc туралы

Ларри Пейдж бен Сергей Брин Google компаниясын 1998 жылдың қыркүйегінде құрды. Бүгінде компанияда дүниежүзі бойынша 50 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді және Google Іздеу, Карталар, AdWords, Gmail, Android, Chrome және YouTube сияқты өнімдер мен платформалардың кең ауқымын ұсынады. 2015 жылдың қазанында Google компаниясы Alphabet холдингтік компаниясының құрамына кірді. Alphabet-тің миссиясы туралы толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады.



Nazym
0